«Латын графикасымен таныстыру» № 14 мектепте

2019 жылдың 25 сәуірінде  № 14 мектепте Латын графикасында негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б. Жұматай таныстыру жұмысын өткізді.

Ақпараттық жиынға қатысқан мектеп мұғалімдері белсендік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын да айтты.