Жаңа емленің ережелерімен таныстыру

2019 жылғы 24 сәуірде Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-да  латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшіруді іске асыру шеңберінде және университеттің  1 курс студенттеріне жаңа әліпбидің емле-ережелерін  түсіндіру мақсатында кезекті дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.Жұматай,  университет студенттері қатысты. К.Бимағанбетов өз сөзінде латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктері жайында айтып өтті. Оқытушы Б.Жұматай жаңа әліпбидің емле-ережесінің ерекшеліктеріне тоқталды.

Ақпараттық жиынға қатысқан университет студенттері белсенділік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады.