Жаңа емленің ережелерімен таныстыру

2019 жылғы 10 сәуірде Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-да  латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне көшіруді іске асыру шеңберінде және университеттің  профессорлық-оқытушылық құрамына жаңа әліпбидің емле-ережелерін  түсіндіру мақсатында кезекті дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова,  университет оқытушылары қатысты. К.Бимағанбетов өз сөзінде латын графикасына негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктері жайында айтып өтті. Оқытушы А.Миркемелова жаңа әліпбидің емле-ережесінің ерекшеліктеріне тоқталды.

Ақпараттық жиынға қатысқан университет мұғалімдері белсенділік танытып, өзекті сұрақтарды қозғады. Өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын да айтты.