ЖАҢА ӘЛIПБИ және БАҚ

2019 жылғы 25 қаңтарда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында – БАҚ өкілдеріне арналған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен таныстыру мақсатында тренинг-сабақ өткізілді.

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова сабақтың алдында жаңа әліпбидің емле ережесін түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында мәлімет берді.

Ис-шараға Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасынан, Қостанай облыстық прокуратурасы, Қостанай облыстық соты және Облыстық политсия департаментінің баспасөз өкілдері, «Қостанай» және «Алау» телерадиокорпоратсиясынан, Қостанай таңы мен Учителская+ газеттерінің тілші редакторлары қатысты. Сабақ соңында жаңа ережені оқытуға байланысты Қостанай облыстық прокуратурасының прокурор көмекшісі С.Шакимбаев пен Қостанай облыстық сотының мемлекеттік тіл жөніндегі маманы У.М.Есергепова өз ұсыныс, тілектерін айтты.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға орталық басшысы Ж.Ербатырова жауап берді. Жаңа әліпбидің емле ережесін түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғасатын болады.