«Адал апта – ісіңе адал бол»

2018 жылғы 7 желтоқсанда Халықаралық Сыбайлас жемқорлықпен күрес күні мерекесіне орай «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушыларының қатысуымен «Адал апта – ісіңе адал бол» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің  басшысы  Б.Зейнекин сыбайлас жемқорлық тәуекелдері түрлері туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресудің күрделі мәселелері туралы, сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері туралы толығырақ баяндап берді.

Өз сөзін аяқтай отырып барлық қатысушыларды сыбайлас жемқорлықпен күресуге және ұжымда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге шақырды.