«Өмір ағымы» бағдарламасының тікелей эфиріндегі сұхбат

2018 жылдың 19 қарашасында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Р.Нұржанова «Алау»телерадиокомпаниясының «Өмір ағымы» бағдарламасының тікелей эфиріне қатынасты.

Сұхбаттың негізгі тақырыбы – «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде жазылған диктант жағдайы». Сұхбат барысында диктант жазбастан бұрын мекемелер мен тыңдаушылар арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстар жайы айтылды. Диктантқа дайындық кезінде кездескен қиындықтарға да тоқталып өтті.

Сонымен қатар жаңа әліпбиге негізделген қазақ тілі ережесімен таныстыруға байланысты мемлекеттік органдардың басшыларына арнап ұйымдастырылған практикалық сабақ туралы да сөз қозғалды. Өткізілген іс-шарадан кейін диктант жазуда аса қиындық болмағанын, тыңдаушылар тарапынан ұсыныстар болған жағдайда облыстық тілдерді оқыту орталығы көмек беруге әзір екені де алға тартылды.