2018 жылғы 4 қазанда Қызылорда қаласында «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» атты республикалық семинар өтті

2018 жылғы 4 қазанда Қызылорда қаласында «Жаһандану жағдайындағы тіл үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері» атты республикалық семинар өтті.

Семинарға еліміздің 14 өңірінен тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары қатысты. Жалпы семинарда 2 баяндама және 5 сабақ үлгісі көрсетілді.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешов «Жаңа қазақ әліпбиі: ұлттық өркениет бағдары және жаһандық дамумен сабақтастық» тақырыбында, әдістемелік бөлімнің басшысы С.Сапина «Латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің жаңа емле ережелерін оқыту мәселелері» атты баяндама жасады.

Қарағанды облысы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Д. Қуанбаева «Steam жүйесі бойынша тіл оқытуда мультимедиялық технологиялары: Playposit, Socrative, Thinglink» бағдарламаларын қолдану тәсілдерімен таныстырса, Назарбаев Университеті Қазақ және түркі тілдерін оқыту департаментінің оқытушы-инструктор Р.Мырзабекова: қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту тәсілдерін көрсетті.

Семинарға  Қостанай облысынан «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының  оқытушысы Г.Крикпенова және «Сарыкөл ауданы тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері А.Өзбекбай қатысып, өз біліктіліктерін арттырып, тәжірибе жинақтап келді. Семинардың соңында ғылыми әдістемелік талдау жасалып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Семинардың қорытындысы ретінде барлық қатысушыларға Сертификат табысталды.