«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы міндеттерін, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдардың (ведомствоға бағынышты ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың)процестерін, оның ішінде халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды бағыттарының бірі болып анықталған.

Осыған орай, 2018 жылдың 02 тамызда  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында жиналыс өтті. Жиналысқа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының маманы Д.Т.Жакибаева шықырылып,  үшінші тұлғамен анықтамалар алу сервисін жаппай қолдану жөнінде және де мекеме қызметкерлерінің телефон нөмірлерін мобильді азаматтар базасына тіркеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында цифрландырудың маңызды бағыттарының бірі талқыланып, қойылған сұрақтарға толық ақпарат берілді.