Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

Тарихтың тағлымын білгіміз келсе, тамаша әсерге бөленіп  өнер мен өнегеден ләззаттанғымыз келсе біз мұражайға барамыз. Оның залдарын аралап өзіміз үшін көптеген тамаша ақпараттарды, мәліметтер мен деректерді алумен қатар, өмірлік маңызды тәлім алып шығамыз.

2018 жылдың 28 наурызында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы  тыңдаушыларының мемлекеттік тіл сабағымыз ерекше өтті. Біз Қостанай облыстық тарихи – өлкетану мұражайына саяхат жасадық. Саяхатымыздың мақсаты – өз өлкеміздің тарихымен танысу болатын.

Мен өзім үшін көп мағлұмат алдым. Мұражайда қазақ халқының және басқа ұлт өкілдерінің бұрынғы өмірінен көріністер көрсетілген. «Сосновый бор», Наурызым қорығы туралы қызықты мәліметтер алдық. Өте қызықты болды, жақсы әсер алып  шықтық. Мақсатымыз орындалды деп ойлаймын. Мен өте риза болдым  өйткені жұмыс істей жүріп, осындай жерлеге бару үшін әдейі уақыт таба алмайсын.

Сондықтан біздің сабағымыз осындай түрде өткеніне, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының бізге сабак беретін оқытушыларымызға А.Б.Нурмагамбетова, С.Д.Бекбусинова, Г.Т.Крикпенова ризашылығымды білдіргім келеді.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту
орталығының тыңдаушысы
Абдибекова Күлбике Серікқызы.

Жұмыс орным: Еңбек, әлеуметтік қорғау
және көші-қон комитетінің
Қостанай облысы бойынша департаменті.