1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген «Қариялар – қазынамыз» атты кездесу

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында «Қариялар – қазынамыз» атты кездесу болды.

Кездесуге орталықтың құрметті демалыстағы бұрынғы қызметкерлері Әбілтаев Әбдіқадыр ағай, Табулденова Төлеш апай, Кустанов Алпамыш ағай арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді.

Орталық басшысы Ж.Ербатырова келген қонақтарды ұжымның ұстанымы, жұмыс барысы жайлы әңгімелеп берді. Өз кезегінде ардагер ұстаз Әбілтаев Әбдіқадыр ағай ғибратты әңгімесін айтып, жас ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі ұстанымы жайлы ой бөлісті.

Кездесу барысындағы әңгіме орта буын мен аға буын арасындағы сыйластық жайлы, жас мамандарға бағыт-бағдар беру төңірегінде өрбіді.