Қамысты ауданында «Латын әліпбиіне көшу-әлемдік өркениетке ілесу» атты аймақаралық дөңгелек үстел

2019 жылдың 16 сәуір күні Қамысты ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ «Латын әліпбиіне көшу- әлемдік өркениетке ілесу» атты аймақаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Доспанова, Лисаков қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры Г.Мұхамедиева  әдіскері А.Дощанова, Жітіқара ауданы тілдерді оқыту орталығының директоры С.Губайдулина, Денисов ауданы тілдерді оқыту орталығының директоры А. Испулова және қазақ тілі мұғалімі Ә.Сәбитова қатысты. Сонымен қатар Қамысты ауданың ардагерлер қауымының мүшесі: Есембай Сейітбек Бендеұлы, Сыздықов Тобыл Мырзағазыұлы, Бекмұхамедов Ерболат Баекеұлы және  мектеп мұғалімдері, ММ басшылары, мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелді Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Сагидуллина сөз сөйлеп ашты.  Жайылма ауылдық округіндағы қазақ тілі тобымыздың мұғалімі Д.К. Айтмағамбетова «Латын әліпбиіне көшу-игі қадам» атты баяндама оқыды.  №1 ҚОМ 11 сынып оқушысы А.Жұматаева «Кирилицадан латиницаға» атты баяндама оқыды.Қамысты ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мәдени мұра бойынша инспеторы М.Қ. Дүйсенова «Латын әліпбінің тағылымы мен тамыры» баяндама оқыды. Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі мұғаілімі А.Ж.Досанова «Тыңдаушыларға латын әліпбиін үйретудің әдістері» атты баяндама оқылды.

Содан кейін Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Ж.Жандильдина «Латын әліпбіне көшу-әлемдік өркениетке ілесу» атты дөңгелек үстелге қатысушылар арасында тренинг жүргізді. Іс-шара соңында қатысушылар пікір-талас жүргізіліп, дөңгелек үстел өзінің негізгі мақсатына жетті.