2023 жылдың 25 қаңтарында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қостанай автомобиль көлігі колледжінің ұйымдастыруымен «Ғылыми – педагогикалық зерттеу білім беру жүйесін даму факторы ретінде» тақырыбы бойынша халықаралық оқулар байқауы өткізілді. Байқауға шет елдік оқу орындарының мамандары және еліміздің әр өңіріндегі колледж педагогтары онлайн, офлайн форматта қатысып, кәсіптік оқыту шеберлігін көрсетіп, өз тәжірибелерін ортаға салды. Іс – шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы С.Т.Нұржанова сарапшы ретінде қатысып, белсене ат салысқаны үшін Қостанай облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
«Ғылыми – педагогикалық зерттеу білім беру жүйесін даму факторы ретінде»
