2018 жылдың 13 қарашасында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік органдардың басшыларына арналған латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесі жобасымен таныстыру сабағы өтті.
Аталған іс-шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары, басшылардың орынбасарлары қатысты.
Сабақты «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова кіріспе сөзбен бастап, бұл сабақтың жалпыхалықтық диктант алдында өткізіліп отырғандығы туралы айтты.
Оқытушы Р.Нұржанова тыңдаушыларды латын графикасына негізделген қазақ тілінің емле ережесінің жобасымен, оның негізгі ерекшеліктерімен таныстырды. Сонымен қатар, түсіндіру жұмысынан кейін ауызша, жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың алған білімдерін бекіту жұмыстарын жүргізді. Оқытушының тыңдаушыларға ұсынған мәтінді латын графикасымен оқуы, олардың тақырыпты жақсы меңгергендерін көрсетті. Оларға көмек ретінде сабақ соңында Қостанай облысы тілдерді дамыту басқармасының «Рухани жаңғыру – Қостанай» мобильді қосымшасымен қалай жұмыс істеу тәртібі де түсіндірілді. Конвертер арқылы кирилл әріптерімен берілген кез келген сөйлем, мәтіндерді латын графикасына негізделген жазуға аударуға болатындығы көрсетілді.
Тыңдаушылар сабақтан жақсы әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ бір сабақпен шектелмей жобаның жалғасы болса деген ұсыныстарын да жеткізді.