2019-жылғы 3-мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» атты 72-сағаттық республикалық курсынан өткен сертификатты тренер Г.Талапова Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының қызметкерлеріне «Жаңа емленің ережелерімен таныстыру» сабағын өткізді.
Іс-шараға аталған департамент жеке құрамының 25 қызметкері қатысты.
Сабақ барысында қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірудің маңыздылығы түсіндіріліп, жаңа емленің ерекшелігі мен құрылымы туралы баяндалды. Қатысушылар сабақтың теориялық бөлімінде алған білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекітті.
Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, жаңа әліпбиге қатысты көкейдегі сауалдарына жауап алды. Департамент қызметкерлері алдағы уақытта жаңа әліпбиді меңгеру үшін қысқа мерзімді курсқа қатысуға тілек білдірді.