Ертегі әлеміне саяхат

2023 жылдың 01 маусымында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының «СөйлеTime» клубының кездесуі Қостанай облыстық қуыршақ театрында өтті. Клуб қатысушылары “Жануарлардың жыл басына таласуы” ертегісін сомдай отырып, ертегі әлеміне саяхат жасады. Тіл үйренушілер ертегіні сомдау арқылы қазақша жыл аттарымен танысты. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамытып, актерлік шеберліктерін көрсетті.