2023 жылдың 06 қарашасында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Т.Ә. Айтмағамбетова мен оқытушы Б.Т. Ахметжанова орталықтың жылдық жоспарға сәйкес “Қарасу ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы” КММ және “Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы” КММ-не іссапарға барды. Іссапар барысында аудан және қалалық тілдерді оқыту орталықтарының жұмыстарына бағыт-бағдар беріліп, ресми іс-қағаздарын дұрыс рәсімдеу бойынша көмек көрсетілді.