2018 жылғы 28 тамызда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Ата Заң және мемлекеттік тіл» акциясын өткізді.
Аталған акция «Март» сауда-думан орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) алаңында өтті. Акцияны өткізу мақсаты: ҚР Конституциясының маңыздылығын түсіндіру, оған ерекше құрметпен қарау және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, сонымен қатар тілді үйренуге ниет білдірген азаматтарды мемлекеттік тіл және ана тілдері курстарына өтініш бойынша қабылдау, парақшалар тарату болып табылады.
Акцияға қала тұрғындары қызығушылықтарын танытып, белсенді атсалысты.