2020 жылғы 02 маусымда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы басшысы Г.Мендекинованың қатысуымен жиын өтті.
Аталған жиында басқарма басшысының алдында орталық басшысы Ж.Ербатырова ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 1 маусым аралығында қашықтан оқыту барысында Zoom платформасы арқылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Жиын барысында басқарма мамандарына Zoom платформасын қолдану нұсқаулығымен, ID код ашу, пароль беру және платформаның қосымшаларын дұрыс пайдалана білу туралы орталық әдіскері А.Нұрбекова түсіндірді.
Басқарма басшысы Г.Мендекинова қашықтан оқытуда орталықтың атқарып жатқан жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта да нәтижелі жұмыс істеуге бағыт-бағдар берді.