Цитаты на государственном языке

Бүгін сағы сынды деп жақсыны басынба, қиын қыстау күн туса — сол табылар қасыңнан.
Қазыбек би

Адамның қолы қанат емес, ұшуға арналмаған. Ұшып жүргендерді атып түсіру оңай деуші еді, қаңғыған оқ, қаңғырған аңшыдан сақтан, жарығым
Оралхан Бөкей

Бардың қадірін білу үшін жоғалту керек, тоқтықтың қадірін білу үшін ашығу керек екен
Оралхан Бөкей

Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ
Оралхан Бөкей

Әр таудың басын аңсаған арқар аштан өледі
Оралхан Бөкей

Жүгірген алмайды,
Бұйырған алады
Оралхан Бөкей

Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы — өзінің ОЙЫ ғана
Оралхан Бөкей

Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,
Ешкім шығара алмас қиын есеп.
Оралхан Бөкей

Неғұрлым керең болсаң,
Соғұрлым жақсы естисің.
Оралхан Бөкей

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-   ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді,         педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз
Ыбырай Жақаев

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін
Серке Қожамқұлов

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
Жүсіп Баласағұни

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов

Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин

«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен
жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының
ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші,
яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
С.Аманжолов.

Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі.
Бауыржан Момышұлы

Жер жүзi жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа.
Анау — қу, мынау — пысық, мен — батыр деп,
Айналды бiрiн-бiрi құртпаққа.
Шәкәрім

Бiреуi — «сен тәңірімсің» деп сыйынады,
Бiреуi — «мен құлыңмын» деп бағынады,
Бiреуi — «садақа бер» деп жалынады,
Бiреуi — «құйрық» болып тағылады.
Мағжан Жұмабаев

Көзіңдi аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, дiн нашарлап, хал хатаб боп,
Қазағым, ендi жату жарамасты.
Міржақып Дулатов

Қазағым, елiм,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңдi оянып.
Ұйықтайтын бар не сиқың?
Қаңған жоқ па әлi ұйқың?
Ахмет Байтұрсынов

Есi кеткен ел байқұс,
Жұрт әкiмге қарасар,
Өзгеге бақ жоқ жарасар,
Есi кеткен ел байғұс
Ақылынан адасар.
Адасқаны емес пе,
Бiрiн-бiрi шағысып,
Тепкiлесiп, қағысып,
Өкiметке таласар.
Майлықожа

Атты мен жаяудың сәлемі жараспас.
Жиренше шешен

Сүюдің сырын көзден көрме, Көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, Ашып қара көңілін күймесін.
Баласағұн

Сөз сайыста жеңілген де бір — тілі кесілген де бір.
Тоқсары

Күйреген рухты қайта көтеру – міне, қазіргі таңдағы басты мақсат осы.
Шерхан Мұртаза

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.
Әлихан Бөкейханов

Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов

Өмір – теңіз,
Онда жүзем демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Рудаки

Адамның ең ұлы қасиеті — бақытты болуға талпынуы.
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ақылсыздың сүйгені жаман, Ақымақтың түйгені жаман.
Досбол би

Керең заман мылқау өлең туғызады.
Қадыр Мырза Әлі

Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?
Әлихан Бөкейханов

Сабырдан асқан айла жоқ.
Халық нақылы

Балам, халықтың ұлы болмасаң — менің де ұлым емессің.
Қадыр Мырза Әлі

Көлдің тақырға айналуы оңай, Байдың пақырға айналуы оңай.
Шерхан Мұртаза

Өтіріктің арбасы шындықтың көпірінен өте алмайды.
Мұзафар Әлімбай

«Дәл бүгін Қазақстанда ер етігімен су кешетін жағдай туа қалса, мемлекеттің қазақтан басқа тірегі жоқ екенін ұмытпайық!»
Алдан Айымбетов

Қайрат етер кезіңде жүк көтерер нардай бол, Ақыл айтар кезіңде жүз жасаған шалдай бол!
Бауыржан Момышұлы

Артқыға белгі қалса егер,
Өкінбес едім өлгенге
Өшпес едім бекерге,
Жарығым түссе көргенге
Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Әр қазақ — әр қазақтың жалғызы, асылы»
Сабыржан Махмет

Қазақтың жайнар даласы, Жетілер оқып баласы. Шошытатын мені сол – Олардың күндес,     таласы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Ахмет Байтұрсынов

Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең
И. Гёте

Шындық — дәмі жағымсыз, ащы сусын, әйтсе де денсаулықты түзетеді.
Бальзак

Кейде бір адам ұлтты қорғап қалуы мүмкін, керісінше нақ сондай бір адамның бүкіл ұлтты жерге қаратуы ғажап емес.
Пьер Буаст

Барыңды күзет,
Арыңды күзет,
Өзгені сынағанша,
Өзіңді түзет!
Қадыр Мырза Әли

Бектік үшін туған олар анадан,
Бектік сүттен, іспен бойға тараған
Ж. Баласағұн

Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат-құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті — басқару,
Ағаның реті — бас бағу емес пе?
Әйтеке би

Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ…
Әйтеке би

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.
Әйтеке би

Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
Әйтеке би

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген — ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген — дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеке би
Отан – от басынан басталады, демек өз бесігің, өз үйің.
Бауыржан Момышұлы

Отан – адамның туып -өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы тіл, мәдениет, тұрмыс- салт, әдет –ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.
Бауыржан Момышұлы.

Отан — өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.
Ахмет Байтұрсынұлы

Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махабатты бізде өлшеуге болмайды.
Баубек Бұлқышев

Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан – мекенің
М. Мақатаев

Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.
Ғабит Мүсірепов

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт береке – атаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат,
Мейірімді – анаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Төле би

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады.
Қазыбек би

Ал, қазақ, мешел болып қаламын демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе.
Мұхтар Әуезов

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба, сен, мені,
Мен – қазақтың баласы!
Қасым Аманжолов

Биік мансап — биік жартас. Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, Екпіндей ұшып қыран да   шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, Желөкпелер шын деп ойлайды.
Абай Құнанбайұлы

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық…
Абай Құнанбайұлы

Естілердің сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.
Абай Құнанбайұлы

Еңбек қумай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
Абай Құнанбайұлы

Еңбек қуаныш, жалқаулық айрылмас қайғы.
Абай Құнанбайұлы

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
Абай Құнанбайұлы

Құйрығы шаян, басы адам,
Байқамай сенбе құрбыға.
Жылмыңы сыртта іші арам,
Кез келер қайда сорлыға.
Абай Құнанбайұлы

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
Абай Құнанбайұлы

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме,
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
Абай Құнанбайұлы

Жаман дос көлеңке,
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
Абай Құнанбайұлы

Жолдастық сұхбаттастық бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес.
Абай Құнанбайұлы

Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас,
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
Абай Құнанбайұлы

Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң, айтпа сөз.
Абай Құнанбайұлы

Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың, елден ерек…
Абай Құнанбайұлы

Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,
Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең.
Абай Құнанбайұлы

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Абай Құнанбайұлы

Ақыл бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке.
Абай Құнанбайұлы

Пайда ойлама ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Абай Құнанбайұлы

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Абай Құнанбайұлы
Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
Абай Құнанбайұлы

Қайратсыз ашу тұл,
Тұрлаусыз ғашық тұл,
Шәкіртсіз ғалым тұл.
Абай Құнанбайұлы

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы

Өмірдің алды ыстық арты суық,
Алды ойын, артқы жағы мұңға жуық.
Абай Құнанбайұлы