23 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы жанындағы «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің мемлекеттік тіл мәселесі бойынша жұмыс тобының бейнебайланыс режимінде отырысы өтті.
Аталған іс шараға орталық аппараттан «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Тлеухан, ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Н.Дәуешов, Қоғам қайраткері, жазушы, публицист Алдан Смайыл қатысты.
Жергілікті жерден «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Э.Күзенбаев, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова, «Miras» аймақтық кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы, тіл басқармасының жауапты қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жұмыс тобы отырысында: мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгеруі міндетті кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесін заңды түрде бекіту туралы; «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңындағы 21-баптың орындалуы туралы; тілдерді оқыту орталықтары жұмысының тиімділігі туралы мәселелер талқыланды.