Байқау жеңімпазы марапатталды

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова «Тілдарын» орталығының тыңдаушысы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауында жүлделі екінші орынға ие болған Кира Гартманды қабылдап алғыс хат табыстады.

«Тілді танымдық тұрғыдан жағдаяттық негізде оқыту» атты республикалық онлайн-семинар өтті

2020 жылғы 15 қазанда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен «Тілді танымдық тұрғыдан жағдаяттық негізде оқыту» атты республикалық онлайн-семинар өтті.

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық онлайн байқау өтті

2020 жылғы 14 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өзге ұлт жастары арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық онлайн байқау өтті.

«Қазақ әліпбиінің жаңа емле ережелерін оқыту» тақырыбы бойынша екі күндік қалалық семинар-тренинг өтті

2020 жылдың 6-7 қазан күндері «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Қазақ әліпбиінің жаңа емле ережелерін оқыту» тақырыбы бойынша Zoom платформасы арқылы екі күндік қалалық семинар-тренинг өткізілді.

Хабарландыру

Құрметті достар! Сіздерді “Рухани жаңғыру” бағдарламасына, оның негізгі бағыттары мен арнайы жобаларына қатысты пікір білдіруге шақырамыз! Сауалнамаға қатысыңыз.