2024 жылдың 03 маусымында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мирас» мәдениет үйінде «Достық әнін шырқайық» атты екі жұлдыз байқауының қорытынды үшінші кезеңі өтті. Қатысушылар түрік, башқұрт, грузин, өзбек және орыс тілдерінде ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды.
Әділқазылар алқасының шешімімен үш кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғары ұпай жинаған жүлделі бірінші орынды 6697 ұлттық әскери бөлімінің қызметкерлері Э.Қ Сапабекова мен А.В.Дудина жеңіп алса, екінші орынды «Транстелеком» АҚ филиалының мамандары А.А.Казбагорова мен Д.Е.Муканова иеленді. Үшінші орынға башқұрт тілінің тыңдаушылары Ф.Б.Дик және А.О. Кожахметова лайық деп танылды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б Атамұратовтың арнайы дипломдарымен, алғысхаттарымен және сертификаттарымен марапатталды.

