🗓️2025 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы “Мемлекеттік тіл-Тәуелсіздік символы” атты іс-шара өтті

🔹Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің мекемелерінде мемлекеттік тілге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері өздерінің тілді үйренудегі жолдарын әңгімелеп берді.
🔹Шара соңында тіл саласында үлес қосып жүрген мамандар марапатталды.