🗓️2025 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы өтті.

⚜️ Байқаудың мақсаты – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасын терең меңгеріп, оны қазіргі заман талаптарына бейімдей отырып қолдану және қазақ тілін оқытудағы озық тәжірибелерді кеңінен насихаттау.

⚜️ Аталмыш байқауға қатысқан оқытушылар үш кезең бойынша бақ сынасты.
⚜️ Аталған байқауда Қостанай облысының намысын қорғаған Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы Нұрсыйла Мейірімханова жүлделі 3 орынды қанжығасына байлады.
🏆Марапат иесін жеңісімен құттықтаймыз!