📚Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2025»облыстық байқауы

✅2025 жылдың 30 мамырында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2025» облыстық байқауы өтті.
✅Байқаудың мақсаты оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау.
✅Байқауға қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының 9  оқытушысы қатысып, өз әдістемелік тәжірибиелерімен бөлісті.
Қатысушылар «Бейнесабақ» кезеңі бойынша бейнесабақтарын әлеуметтік желіге жүктеу арқылы лүпіл және пікірлер жинап, «Сұрақ-жауап» кезеңі бойынша қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, «Жағдаяттық тапсырмалар» кезеңі бойынша сынама топпен сабақ өткізді.
✅Байқау нәтижесі бойынша 🥉III орын Ұзынкөл ауданынан Жанар Кумаровна Хаджиева, 🥈II орын Лисаков қаласынан Нұрмұхамед Әмзеұлы Серікбаев, 🥇I орын Рудный қаласынан Нурсыйла Махсатовна Мейримханова, 🏆бас жүлдеге  Арқалық қаласының тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы  Гульжазира Жумакановна Баймаганбетова ие болды.
Жеңімпаздар мен өзге де қатысушылар мәдениет басқармасы басшысының атынан дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай жүлдемен  марапатталды.
👏Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

✅30 мая 2025 года состоялся областной конкурс «Үздік оқытушы – 2025», организованный Управлением культуры акимата Костанайской области. Цель конкурса — повышение творческого потенциала педагогов и повышение их профессионального мастерства.
✅В конкурсе приняли участие 9 преподавателей городских и районных центров обучения языкам, которые поделились своим методическим опытом.
✅На этапе «Видеоурок» участники собирали лайки и комментарии, загружая свои видеоуроки в социальные сети, на этапе «Вопрос-ответ» участники отвечали на вопросы, а на этапе «Ситуационные задания» проводили уроки с выборочной группой.
✅По итогам конкурса 🥉третье место заняла Жанар Кумаровна Хаджиева из Узункольского района, 🥈второе место – Нурмухамед Амзеулы Серикбаев из города Лисаковск, 🥇первое место – Нурсыйла Махсатовна Мейримханова из города Рудный, а 🏆главный приз достался Гульжазире Жумакановне Баймаганбетовой, учителю государственного языка Аркалыкского городского центра обучения языкам.