






📝 2025 жылғы 21 қазанында 25 қазан Республика күніне орай, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасын қолдай отырып, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ұлттық диктант» жобасы өтті.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты тек емле тексеру емес, бұл – мемлекеттік тілге деген құрметтің, азаматтық ұстанымның, ұлттық бірегейліктің жарқын көрінісі.
🔹Аталған жобаға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов құттықтау сөз сөйлеп, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов, зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер белсенді қатысып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге және оның маңызын арттыруға өз үлестерін қосты. Шара барысында қатысушылар сауаттылық деңгейін, қазақ тілінде еркін жазу қабілеттерін көрсетті.
🔹Осы аталған жоба Қостанай облысында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, сондай-ақ жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
🇰🇿Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін!
