⚜️«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауы

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 22 тамызында «Жастар сарайы» ғимаратында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орайластырылған «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық байқауы өтті. Байқауға облыстың қалалары мен аудандарының 11 командасы құрамында 33 мемлекеттік қызметші қатысты. Байқауда қатысушылар төрт кезеңнен өтті:
✅бірінші кезең «Тұсаукесер»;
✅ екінші кезең – капитандар сайысы;
✅үшінші кезең «Конституцияны білесіз бе?»
✅ төртінші кезең–шығармашылық сайыс.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.
????Жүлделі І орынды Әулиекөл ауданынан келген «Ұлағат» командасы, ???? ІІ орынды Науырзым ауданынан «Рухты қыздар» командасы ие болды және ????ІІІ орынды Лисаков қаласының «Болашақ тобы» командасы иеленді. Командалар лайықты марапаттарға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!