2020 жылғы 30 қазанда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ойшылы» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Ш.И. Төлегенова – А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің аға оқытушысы «Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романындағы Әл-Фарабидің бейнесі» тақырыбында баяндама оқып, Б.Ә. Дюсембаева – «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ кітапханашысы оқырмандарды «Әл-Фараби мұрасы» көрмесімен таныстырды, А.Б. Миркемелова «Тілдарын» орталығының оқытушысы «Ұлы даланың ұлық тұлғасы» тақырыбында баяндама оқып, ғұлама бабамыз туралы мәнді, мазмұнды ақпарат берді.