ӘЙЕЛ-ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ, ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ

2024 жылғы 2 шілде 6697 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі әскери қызметші-әйелдермен және әскери қызметшілердің жұбайларымен Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Кишкентаева Айтжан Амангелдіқызы, Қостанай қалалық мәслихат депутаты Жумабаева Гульшат Тогузбаевна,«Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының маманы Нұржанова Сайран Тұрсынбайқызы, Орта білім бөлімінің жетекшісі Исмурзина Карлыга Амангельдиновна, қаржы қызметінің бастығы аға лейтенант Тарасова Жанна Альбиевнаның қатысуымен «Әйел —отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шындығында, әйел —отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы болып саналады.«Әйел-бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек. Дөңгелек үстел шашу шашылып, қазақтың киелі домбырасында ана туралы әсем әнмен басталды.Дөңгелек үстел барысында Отан, патриотизм, мемле