2021 жылы 29 наурызда «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Крикпенова Г.Т. ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушыларына «Әз Наурыз» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында Наурыз мерекесінің мән-маңызы барынша түсіндіріліп, қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже және бірқатар салт-дәстүрлер дәріптелді.
Сабақ тәжірибелі оқытушының басшылығымен мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістемесін, атап айтқанда «Quizizz», «Learning apps» қосымшаларын қолдану арқылы қызықты өтті. Тыңдаушылар теориялық тұрғыда алған білімдерін тіл дамыту барысында қолдана отырып, Наурыз мейрамы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көптеген маңызды мәліметтер алды.