Әдістемелік отырыс

2019 жылдың 24 желтоқсанында орталықтың кезекті әдістемелік отырысы өтті. Отырысқа орталық басшысы мен басшының орынбасары да қатысты.

Күн тәртібі бойынша орталық әдіскерлерінің екінші жартыжылдықтағы әдістемелік жұмыс бойынша және оқытушылардың жыл бойы атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Әр оқытушы есепті мультимедиялық презентация түрінде қорғап көрсетті.

Сондай-ақ орталық әдіскері А.Нұрбекова QR-код және оны оқу процесінде қолдану туралы ақпарат берді.