Саналы ғұмырларын еліміздің өсіп-өркендеуіне ұшан-теңіз үлес қосқан, қарттарымыздың өмір жолдары бүгінгі жас ұрпаққа табылмас қазына.
Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен және алдағы келе жатқан Ұстаздардың төл мерекесіне орай «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т. Айтмағамбетова орталық ұжымының атынан орталықтың негізін қалаған, алғашқы басшысы Оспанов Қойшығара Әміржанұлы мен еңбек ардагері Әбілтаев Әбдіқадыр ағамызды құттықтады. Ұстаз ардагерлері өз тарапатарынан орталық ұжымына, ризашылықтарын білдіріп, ел үшін адал қызмет ете беріңіздер деп ақ батасын берді.