ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің жоспарына сәйкес 2020 жылғы 8-11 қыркүйек аралығында «Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты жалпыреспубликалық диктант өтті.
Аталған диктантқа Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары, «Дарын» қалалық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, этномәдени бірлестік өкілдері де диктантқа қатысты.
Диктант нәтижесі бойынша үздік жазған тыңдаушыларға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.