Үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» облыстық байқауы

2023 жылдың 20 қазанында Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» облыстық байқауын өткізді. Байқауға әр өңірден 14 үміткер қатысты. Іс-шарада Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үміткерлер үш кезеңде де қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергендерін көрсетті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейлерін, сөздерді дұрыс айтып жеткізу және толыққанды жауап бергендерін 5 балдық жүйемен бағалай отырып, жеңімпаздарды анықтады.

3 – орынды Джамиров Шахзодхужа Худиярович Қарасу ауданы, Дустьярова Айгуль Мынжасаровна Алтынсарин ауданы, Тұрмағанбетова Гүлім Абзалқызы Амангелді аудандары иеленсе,

2- орынды Ибраева Гүлжан Жантайқызы Қамысты ауданы, Абдикаримова Эльмира Берикбаевна Рудный қаласы,

1- орынды Қапарова Айдана Әлібекқызы Жангелдин ауданы иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!