2023 жылы 25 мамыр күні Атырау қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен “Үздік оқытушы” республикалық байқауы өтті. Байқауға әр өңірден жүзден жүйрік 15 үміткер қатысты.
Жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараның мақсаты А. Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның тіл біліміне қатысты ұтымды әдіс-тәсілдерін анықтау және ересектерге қазақ тілінен сабақ беру сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу. Аталған байқауға Қостанай облысының намысын қорғау үшін Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Гүлмира Талғатқызы Крикпенова жүлделі 3-ші орынды жеңіп алды. Әріптесімізді құттықтаймыз.