«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы»ММ басшысы Е.Б.Қалмақовтың «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұжымымен есептік кездесуі.

18 қаңтар 2023 жылы  Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Е.Б.Қалмақовтың «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы ұжымымен дәстүрлі есептік кездесуі өтті. Кездесуге мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.Е.Мендекинова, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБҚОФ төрайымы Ү.Әкімбаева қатысты. Кездесу еркін форматта орталық ұжымымен танысу үшін «Timbilding» әдісімен басталып, орталық басшысы Т.Айтмағамбетованың баяндамасымен жалғасын тапты.

Кездесу барысында Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жұмыс жасалатын  «TilLife» жаңа жобасы таныстырылды.

Жоба алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Кездесу барысында орталық мамандары тарапынан сұрақтар қойылып, оң шешімін тапты. Ұжым алдында оқыту орталығының жұмысын   2023 жылы мен алдағы уақытта жандандыру бойынша тапсырма берілді.