«IQOSTANAY» оқушылар сарайының кітапханасында өткен іс-шарада мемлекеттік тілді оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер мен инновациялық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылды.
Семинарға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы Фазылжанова арнайы шақырылып, өзекті мәселелер бойынша мазмұнды баяндама жасады.
