Қостанайда «Тіл шебері» байқауы өтті

🔹 2025 жылғы 25 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді еркін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық «Тіл шебері» байқауы өтті.

🔹 Байқаудың мақсаты – үштұғырлы тілді насихаттау, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру және тіл шеберлігін көрсеткен дарынды мемлекеттік қызметшілерді анықтау.

🔹 Облыс аудандары мен қалаларынан іріктелген 18 үміткер үш кезең бойынша сынға түсті. Нәтижесінде:

🥇 І орын – Жақсан Рауан Оразалыұлы (Қостанай облысы Тексеру комиссиясы);
🥈 ІІ орын – Сарсенова Жансая Маратовна (Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі);
🥉 ІІІ орын – Назиров Саят Серикович (ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті).

🔹 Жеңімпаздар алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды. І орын иегері республикалық байқауға жолдама алды.