2020 жылғы 6 ақпан күні ҚР Құқық қорғау органдары академиясының басқаруымен Қостанай облысының прокуратурасында бейнеконференцбайланыс жүйесінде таныстырылым өтті.
Осы таныстырылымға тікелей эфирде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж. Ербатырова, оқытушы А. Нурмагамбетова және облысты прокуратураның аппарат жетекшілері мен басшылары қатысты.
Таныстырылымда мемлекеттік тілді қашықтан оқыту курсы материалдарының өңдеуден өткізілген нұсқасы көрсетілді.