«Қашықтан оқытуда интернет ресурстарын пайдаланудың мүмкіндіктері» атты онлайн курс өтті

2020 жылғы  мамырдың 4 мен 6 күндері «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту  орталығы «Қашықтан оқытуда интернет ресурстарын пайдаланудың мүмкіндіктері» атты онлайн курс өткізді.

Бірінші күні орталық оқытушысы Г.Крикпенова «Movavi Screen Recorder бағдарламасымен бейнесабақ түсіру» туралы шеберлік сабағын өткізді.

5 мамырда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Б.Абильбекова «Ересектерге мемлекеттік тілді үйрету барысындағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында дәрісін өткізді.

6 мамырда орталық әдіскері А.Нұрбекова oi_pikir инстаграм парақшасында филолог, п.ғ.к., подкаст жүргізуші, «1001 кітап» аудиоподкастының авторы Б.Салыховамен тікелей эфир жүргізді. Тікелей эфир барысында қонағымыз «Білім саласында подкасттарды қолдану» атты тақырыпта подкаст жасау туралы толық ақпарат берді.

Өткізілген онлайн курсқа аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарынан және Қазақстанның өзге де өңірлерінен  мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасты.