Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні және алдағы келе жатқан Ұстаздар күнімен құтықтай отырып, орталық басшысы Т.Ә.Айтмағамбетова бастаған оқытушылар тобы оқыту орталығының негізін қалаған, алғашқы басшы Оспанов Қойшығара Әміржанұлын, еңбек ардагері, тіл жанашыры Әбілтаев Әбдіқадыр ағайды, және орталықтан зейнеткерлікке шыққан ұстаз Нұржанова Раушан Молдабайқызын құттықтап, ұжым атынан арнайы сый-сияпатттар табыс етті. Ардагер ұстаздар өз алдына, орталық ұжымына алғыс айтып, абыройлы қызметте табыстар тілеп, ақ баталарын берді.
«Қарты бар ел – қазыналы ел!»
