ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен 2023 жылдың 26 мамырында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті.
Аталған тестілеуге мемлекеттік қызметшілер және бюджет саласының қызметкерлері қатысты.