«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы» көшпелі семинар

2021 жылғы 25 тамыздан – 15 қыркүйек аралығында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту  басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы» көшпелі семинар ұйымдастырды.

Аталған семинар Федоров, Меңдіқара, Әуликөл, Қостанай ауданы және Рудный, Лисаков қалаларында өтті. Семинарға қатысушыларды латын графикасына көшу реформасы және жетілдірілген әліпби жобасымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері, тренер А.Нұрбекова таныстырып, практикалық жұмыстар жүргізді.