2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауына куә болдық. “Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты туралы” Жолдауында Президент медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру, ақпараттық технологиялар саласын қамтитын және экономика мен жұмыспен қамтудың өсуі болып табылатын креативті индустрияға назар аударды. Шығармашылық өндіріс біздің азаматтарымыздың шығармашылық әлеуеті мен зияткерлік капиталына негізделген және бұл инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі. Шығармашылық экономика ірі қалаларды дамытады және шығармашылық адамдарды тартады. Сонымен қатар, Президент біздің елімізде креативті индустрия секторы дамымағанына назар аударды. Қазақстанда және біздің Қостанайда Отанымызды дәріптеген және бүкіл әлемде танымал болған отандастар өте көп. Мұндай адамдар үшін біздің елімізде қажетті жағдайлар жасалуы керек. Бұл өз кезегінде креативті экономиканың дамуына серпін береді.