2020 жылдың 2 сәуірінде этникалық топ өкілдеріне сабақ беретін оқытушыларға арналған “ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ” тақырыбында әдістемелік отырыс өтті.
Орталық әдіскері Ташмағанбетова Алтын Жәлелқызы оқытушыларға Zoom бағдарламасымен сабақ берудің тиімділігі туралы түсіндірді.
Оқытушылар онлайн платформада өзара пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Орталықта 7 тіл (кәріс, неміс, татар, башқұрт, поляк, түрік, армян тілдері) оқытылады.