«Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты облыстық онлайн байқау өтті

2021 жылғы 25 тамызда Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тобыл қаласында ҚР Конституциясы күні қарсаңында «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты онлайн форматта облыстық байқауы өтті.

Аталған облыстық байқауға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдіқызы Есімова қатысты. Байқауға облыстық басқармалардың, аудандық прокуратураның, ішкі істер департаментінің, қалалық соттың, қалалық мәслихаттың, қала, аудан, ауыл әкімі аппараттарының қызметкерлері  қатысты.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

Қазылар алқасы:

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әлия Серікбайқызы ОСПАНОВА;

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары Эльмира Ергешқызы АЛШЫМОВА;

«Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері, филология ғылымдарының магистрі Айнұр Жомартқызы НҰРБЕКОВА.

Қазылар алқасының шешімімен 1 орын Қостанай қалалық сотының жетекші маманы Әмірғали Нұрсұлтан Жанайұлына, 2 орын Арқалық қаласы Целинный ауылы әкімі аппаратының бас маманы Шоқпатов Азатхан Гафурұлына, 3 орын Қостанай ауданы прокуратурасының бас маманы Серік Сағдат Дайыржанұлына берілді, жеңімпаздар дипломмен марапатталды. Барлық  қатысушыларға алғысхаттар табысталды.