Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Б.З.Сүлейменова ағымдағы жылдың 14 қарашасында Қарағанды қаласында өткен «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік кешен және цифрлық оқыту мүмкіндіктерін пайдалану» атты республикалық әдістемелік семинарға қатысып келді.
Аталған семинардан алған тәжірибесімен Сүлейменова Бақыткүл Зарлыққызы «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушыларымен республикалық семинарда айтылған жаңалықтарымен бөлісті. Әдістемелік отырыс соңында өзара пікір алмасу болды.