«ТІЛ-ХАЛЫҚ РУХЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНІҢ 1-ШІ КҮНІ

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы»
КММ-сі 2024 жылдың 27-28 маусым аралығында Шайсұлтан Шаяхметовтың 85 жылдығына орай оқытушылардың кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында «Тіл-халық рухы» атты республикалық ашық есік күнін өткізуде.
Іс-шараны «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысының орынбасары М.Б.Әбдірахманов жүргізді.
Аталған шараға Астана «Руханият», Атырау, Шымкент онлайн ZOOM платформасы арқылы байланысқа шығып, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы, Жетісу – «Тіл» оқу әдістемелік орталығы, Жамбыл, Қызылорда және өз өңіріміздің тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен мамандары, оқытушылары қатысты.
Бағдарламаға сәйкес орталық басшысы Т.Ә.Айтмағамбетова орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының медиа-сарапшысы, журналист
Ж. Жұмаділұлы «Мемлекетшіл тұлғаның болмысы» Ш.Шаяхметовтың ағартушылық өмірінің тың деректерімен бөлісті. Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ж.Х.Жолдыбаев «Орталық жұмысын жүйелендіру», М.Қ.Дәулетбаева Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы басшысы «Ізденіс пен нәтиже» тақырыптарында баяндама жасады.
Шараның екінші бөлімінде өңірімізге келген қонақтар Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің Тобыл өзенінің бір иінінде тұрған кесенесімен, облыстық мемориалдық музейімен және “IQOSTANAY” оқушылар сарайымен танысты.
Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Л.А. Кульбаева, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б.Т.Ахметжанова шеберлік сабақ көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.