2023 жылғы 14 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне орай, «Тіл – рухани қазына» атты салтанатты іс-шара өткізді. Аталған іс-шарада Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара төңірегінде өзге ұлт өкілдерінен құралған «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары арасында форсайт-сессиясы өтті. Сессия барысында тыңдаушылар бейне көрсетілім арқылы өздері ақпарат көрсетіп, диалог әдісі арқылы сұқбат жүргізді.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының алғысхатымен еліміздегі тіл саясатын іске асыру барысында аянбай еңбек етіп жүрген тіл жанашырлары, орталық тарапынан ұйымдастырылған байқау жеңімпаздары сонымен қатар орталықтың үздік тыңдаушылары марапатталды.
1.ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің грамотасымен – Бирманова Қымбат Исламбекқызы
2.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің алғысхатымен – Ташмағанбетова Алтын Жәлелқызы
Құлжанова Светлана Темірханқызы
3. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының алғысхатымен –
Әбдіхалықов Әбутәліп Әмірұлы
Сүйінкина Биалаш Балтақызы
Жүрсіналина Гүлжанат Құрмашқызы
Крикпенова Гүлмира Талғатқызы
Түгелбаева Асеман Берекқызы
Бекбусинова Светлана Досқалиқызы
Ибрагимова Жанар Нұрқанқызы
Айқадамова Айтолқын Көкенәкиқызы.
«Мемлекеттік тіл –мемлекеттік қызметте» іс-шарасында жүлделі 1-ші орынға ие болған Арқалық қаласының «Аманат» командасы.
«Үздік оқытушы-2023» облыстық байқауының жеңімпаздары:
3-ші орын – Янчук Анна Владимировна
2-ші орын – Кенжеғали Сымбат Кенжеғалиқызы
1-ші орын – Шинтимирова Айнагүл Ергелдіқызы.
«Үздік тыңдаушы -2023»
Пономаренко Кирилл Алексеевич
Катальникова Татьяна Анатольевна
Барсақбаева Ибагүл Нақауқызы.
Марапат иелерін құттықтаймыз.