«ТІЛ. ЖАСТАР. ҚОҒАМ» қалалық жастар форумы

20 қараша күні Рудный қаласында «Тіл. Жастар. Қоғам» қалалық жастар форумы өтті.

Форумда Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е.Мендекинова, бөлім басшысы Б.З.Сүлейменова, «Тілдарын» орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова қатысты.

Форумда басқарма басшысы Г.Е.Мендекинова құттықтау сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы рөліне баса назар аударды. Форум аясында Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы оқу-әдістемелік көрме ұйымдастырды.

Жастар жылы аясында өткен форумда мемлекеттік тілді насихаттауға қосқан зор үлесі үшін бірқатар жастар марапатталды.